Оның айтуынша, соңғы 5 айдың ішінде полицейлерге қатысты 38 сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстық іс қозғалды. Өз міндеттеріне салғырттық танытқан 9 мыңға тарта полицей тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
«Ағымдағы жылдың тек 5 айында ғана ІІМ өзіндік қауіпсіздік бөліністері азаматтардың 7 мыңға жуық шағымы мен арызын қарап, олар бойынша 3 мыңнан астам тергеуге дейінгі тексеріс және бір жарым мыңға жуық қызметтік тергеу жүргізді. Мыңға жуық жедел-алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылып, материалдар бойынша 134 қылмыстық іс, оның ішінде 38 сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстық іс қозғалды, 500-ден астам есепке алу тәртібін бұзушылық анықталды», - дейді ол.
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен 20 пайызға кем.