Бүгінде ресейлік 26 аймақта құрғақшылыққа байланысты егіс күйіп кеткен. Злочевскийдің мәліметіне қарағанда, 10 млн. гектар алқаптың егісі жарамсыз болып қалған, бұл елдегі барлық егіс алқабының 20 пайызын құрайды.
Ресей астығын экспорттау ағымдағы жылы 11-19,5 млн. тонна көлемінде болады деп болжануда. Былтырғы 21,4 млн. тоннаның орнына биыл экспорт 14-15 млн. тоннаға дейін қысқармақ, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.