Атап айтқанда, биылғы жылы ҰБТ-ға 117 мың 432 талапкер, яғни тестілеуге қатысуға өтініш бергендердің 97 пайызы немесе мектеп бітірушілердің жалпы санының 75 пайызы қатысты. ҰБТ аясында барлығы 154 пункттері ұйымдастырылды.
«Мектеп бітіруші түлектерді ҰБТ өткізу тәртібіне психологиялық тұрғыда бейімдеу үшін және стресс тудыратын жағдайларды азайту мақсатында әр түлек орта есеппен 7 рет сынама тестілеуден өтті. Биыл республика көлемінде орташа балл 70,9-ды құрайды. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 15,7 балға төмен. Жоғарғы оқу орнына түсу үшін төменгі межені 43163 талапкер өтей аламады. Сондай-ақ, ең жоғарғы 125 балды 3 мектеп бітіруші еңсерді.