Биыл республикалық автожолдарды қайта салу жұмыстарында 1 111 шақырым қамтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы республикалық автожолдарды қайта салу жұмыстарында 1 111 шақырым қамтылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

«Биыл құрылыс-монтаждау жұмыстары 1 111 шақырымдағы 46 нысанда жүріп жатыр, оның ішінде жыл қорытындысы бойынша 420 шақырымы пайдалануға беріледі. Бүгінде учаскелерде 3 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Жылдық жоспардан негізгі құрылыс материалдарының 50 пайызы дайындалды»,-делінген компания мәліметінде.

Қазіргі кезде «Алматы - Талдықорған» және «Астана - Павлодар» автомобиль жолдарында алғашқы 20 шақырымдық цемент-бетон жамылғысы төселді.