2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке ең көп түсімдердің өсуі мұнайға салынатын экспорттық кеден баждарынан 352,5 млрд теңгеге немесе 1,9 есе, корпоративті табыс салығы 390,8 млрд теңгеге немесе 44,9%-ға, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 171,5 млрд. теңгеге немесе 36,6%-ға, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы 105,2 млрд. теңгеге немесе 22,7%-ға және пайдалы қазбалардың өндірісіне салынатын салығы 103,7 млрд теңгеге немесе 46,8%-ға өскені байқалады.
Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.
«Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымды жылдың 9 айында негізгі экспорттық позицияларға бағаның өсуі байқалады, оның ішінде мұнайға 64,5%-ға, мысқа 57,3%-ға, алюминийге 44,2%-ға, мырышқа 34,0%-ға, күміске 33,8%-ға, қорғасынға 19,7%-ға және алтынға 3,8%-ға. $ бағамы 1 теңгеге 3,9%-ға өсті. Мұнайға салынатын әкету кедендік баждары 24,3%-ға өсті
Үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 8,2%-ға өсті.
2021 жылдың 9 айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 28,7%-ға өсті.
Қосылған құн салығы түсімінің 40% құрайтын ірі салық төлеушілердің тауар айналымы 18,4%-ға өсті.
Көрсетілген кезеңге бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машинасынан орташа түсімі 11,8%-ға өсті.