Бұл туралы ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, былтырғы 2009 жылы Қор торабындағы компаниялардың жалпы қазақстандық қамту 74 пайызды құрады. Компаниялармен келісімдер бойынша тауарларды сатып алуда 580,3 млрд. теңге жұмсалса, бұндағы қазақстандық қамту 63 пайызды, жұмыстар атқаруда 450,5 млрд. теңгенің келісімі бойынша қазақстандық қамту 64 пайызды, қызмет түрлерін көрсетудегі келісім 504,3 млрд. теңгені құрап, ондағы қазақстандық қамту 94 пайызға тең болған.
Ал 2010 жылғы сатып алу жоспары 2 трлн. 595 млрд. теңге шамасында болжанады. Ондағы қазақстандық қамту 72 пайызға жетеді деп күтілуде. Бұл ретте, Қор мен отандық кейбір ірі тауар өндірушілерінің арасында ұзақ мерзімдік келісімшарт жасалынады деген жоспарлар бар.