Биыл санавиация шетелден 15 қазақстандықты елдегі емдеу мекемелеріне жеткізді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл санавицаия қызметі 1 500 астам ұшуды орындаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Санитариялықавиация күштерін тарту тек республика шегінде ғана жүзеге асырылмайды, соныменқатар шетелде ауыр жағдайда жатқан Қазақстан азаматтарын немесе оралмандардыхалықаралық тасымалдауды ұйымдастыру да жүзеге асырылады.

2019 жылдың 7айында Қазақстанның санитариялық авиациясы шетелдік клиникалардан отандықмедициналық ұйымдарда емделуді жалғастыру үшін 15 қазақстандықты тасымалдады.

2011 жылдан бастапқазіргі уақытқа дейін ҚР санитариялық авиациясы таяу және алыс шетелдерден(Тайланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Египет, Қырғызстан, ҚытайХалық Республикасы, Ресей Федерациясы және т.б.) 74 қазақстандықты тасымалдады.

Санитарлық авиация ҚРҰлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына (ҰШМҮО) жатады. Жылдың басынанбері ҰШМҮО 1 513 ұшуды жүзеге асырды. Сондай-ақ, орталық құрылғаннан бері 15 498ұшуды орындаған.

«Шалғайаудандарында тұратын халыққа уақытылы және сапалы медициналық көмектіқамтамасыз ету мақсатында, пациенттің орналасқан жері бойынша медициналықұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауысалдарынан мұндай көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда ҰШМҮО санитариялықавиация нысанындағы күштері тартылады. Шұғыл медициналық көмек көрсетуқажеттілігі туындаған жағдайларда санитариялық авиация оған мұқтаж әрбір адамғаоның орналасқан жеріне және маршрутының қиындығына қарамастан, әуе көлігінпайдалана отырып, барынша жылдам және сапалы медициналық көмек көрсетугеарналған», делінген хабарламада.

Биылғы 7 айыныңқорытындысы бойынша орталық мамандары 1 855 пациентке медициналық көмеккөрсетті, 2 094 медициналық қызмет орындалды, оның ішінде: 1 377 пациенттердітасымалдау (65,8%), 290 консультация беру (13,8%) және 132 операция (6,3%) және295 телемедицина рқылы консультация беру (14,1%).

2019 жылдың басынанбері санавиация 6 рет донорлық органдарды әуе арқылы жеткізген.

Санитариялықавиация жарақат, жазатайым оқиға мен улану (22,9%), балалардың патологиясы(22%), қан айналымы жүйесінің ауруы (20,4%), жаңа туған нәрестенің патологиясы(14,1%), акушерлік-гинекологиялық патология (12,5%) және басқа аурулар (8,1%)бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар