Бұл құрылыс нысандары 2021 жылға өтпелі.
Мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары былтыр екі мектепте жүргізілген болса, биыл екі мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Одан бөлек, былтыр жаңадан 4 мектеп салу үшін ЖСҚ-ы әзірленген болса, биыл тағы 2 жаңа мектептің құжаттары әзірленетін болады.
Былтыр күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 12 мектепке сметалық құжаттар дайындалған болса, биыл қосымша төрт мектепке сметалық құжаттар дайындау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, осы жылы қосымша 4 мектептің жылу жүйесі газга ауыстырылады.
Және тағы екі мектептің ЖСҚ-ы әзірленетін болады.
Жалпы ауданда барлығы 80 мектеп бар. Оның 66-ы типтік, 14-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.
Бұдан басқа ауданда 220 мектепке дейінгі мекемелер бар. Оның 16-сы мемлекеттік балабақша, қалғаны жекеменшік.
Мектепке дейінгі мекемелерде 25 мыңнан астам бала тәрбиеленіп, 3-6 жастағы балалардың балабақшамен қамтылуы толық шешілген.