Әкімнің айтуынша «Сайран» көлі бүкіл Алматы қаласы үшін ерекше орын болып табылады.
«1971-жылдан бастап, яғни су қоймасы салынғаннан бері мұнда реконструкциялау және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүрмеген. Біз биыл ақпан айынан бастап ауданы - 50 га болатын Сайран көлінің түбін шөгінділерден механикалық тазарту жұмыстарын бастаймыз. Жоспарға сәйкес жұмыстарды мамыр айының соңына дейін аяқтаймыз», - деді қала әкімі.
Ол, сондай-ақ көлдің аумағын абаттандыру жұмыстары жайлы айтты.
«Биыл наурыз айында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамасы шығып, осы жылдың үшінші тоқсанында конкурстық рәсімдер аяқталған соң, «Сайран» көлінің аумағын реконструкциялауды және абаттандыруды бастаймыз», - деді Ерболат Досаев.