Биыл шілде айынан бастап сүт өндірісіне қойлатын талаптар қатаңдатылады

АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Биыл шілде айынан бастап сүт өндірісіне талаптар қатаңдатылады.

Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев сүт саласын дамыту мәселелері сараланған конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Ағымдағы жылы шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа стандарты күшіне енеді. Стандарт бойынша сүт өндірісіне қойылатын талаптар қатаңдатылады», - деді А.Евниев.Оның айтуынша, жаңа стандарттың енгізілуі шығарылатын сүт өнімдерінің сапасына әсер етеді.Вице-министрдің мәлімдеуінше, сапа талаптарының жаңа техникалық регламенті жасалып, халықаралық стандарттарға көшу жұмыстары жүргізілуде. «Осылайша, Үкімет қаулысымен сүт және сүт тағамдарының сапасына қойылатын талаптардың техникалық регламентіне өзгертулер мен түзетулер енгізілді», - деді ол.