Еліміздің Статистика агенттігінің деректеріне сүйенген министр: «Республика бойынша жалпы алғанда 2010 жылғы шілдеде жұмыспен қамтылған халықтың саны 8116,5 мың адамды құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға артық. Сондай-ақ орташа айлық жалақы 82282 теңгеге, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда 85157 теңгеге тең. Ал бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкесінше кезеңмен салыстырғанда 118 пайызды құрайды», - деді.
Г.Әбдіқалықованың алға тартқан деректеріне қарағанда, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жұмыссыз халықтың саны 504 мың адамды, ал жұмыссыздық деңгейі - 5,8 пайызды құрады. Бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңінде 6,7 пайыз болатын.