«Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында республикада елді мекендерде сумен жабдықтау әрі су бұру желілерін салуға, сондай-ақ қайта жаңартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылы республикалық бюджеттен 404 жобаны іске асыруға 125 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде қалалық сумен жабдықтауға (84 жобаны іске асыру) – 53,9 млрд теңге, ауылдық сумен жабдықтауға (320 жобаны іске асыру) 71,1 млрд теңге қарастырылды», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Биыл 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға республикалық бюджеттен 313 жобаны іске асыруға 117,5 млрд теңге қарастырылды. Соның ішінде: қалаларда (68 жоба) - 47,1 млрд. теңге; ауылдарда (245 жоба) – 70,4 млрд теңге.
«2020 жылдың қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтерін қалаларда – 97,5 пайызға, ауылдарда - 87,7 пайызға, ал қалалардағы ағынды суларды тазартумен қамтуды 74,9 пайызға жеткізу жоспарлануда», - делінген министрлік хабарламасында.