Оның ішінде дәндi дақылдар 84,5 мың, майлы дақылдар 7,4 мың, малдың азықтық дақылдары 60,1 мың, картоп, көкөнiс, бақша 16,7 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 78,4 мың гектар.
Үстіміздегі жылдың егісіне облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өткен жылдың күз айларынан дайындалып, 3 144 гектар күздік бидай егіліп, қазіргі уақытта егіс жағдайы жақсы деп бағаланып отыр. Сонымен қатар, биылғы жылдың егісіне 48,8 мың гектар сүдігер көтерілді.
Тұқым дайындау жұмысына тоқталсақ, үстіміздегі жылдың егісіне 612 тонна күздік бидай тұқымы дайындалып, егілді. Көктемгі дала жұмыстарына 484 тонна жаздық бидай, 146,5 тонна арпа, 147,5 тонна мақсары, 223,5 тонна жоңышқа және күріштің 23 355 тонна тұқымдары құйылған.
Дайындалған 23 355 тонна күріш тұқымының - 3 700 тоннасы «Маржан», 5 269 тоннасы - «Янтарь», 11 401 тоннасы - «Лидер», 205 тоннасы - «Анаит», 445 тоннасы - «КазЕр-6», 600 тоннасы - «Новатор», 1505 тоннасы - «Фаворит», 225 тоннасы - «Айсәуле», 5 тоннасы - «КазНИИР-5» сорттары дайындалып жатыр.