Биыл Сырдария ауданының білім саласына 1969548,0 теңге қаржы бөлінді - Қызылорда облысы

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Үстіміздегі жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданының білім саласына бюджеттен 1969548,0 теңге қаржы қарастырылды. Бұл былтырғы жылдың мөлшерімен салыстырғанда 82 пайызға артық. Осының арқасында биыл ауданда 10 мектеп пен 4 балалар бақшасы күрделі жөндеуден өтікізіліп, жаңа оқу жылына дейін дайын болды.

Ауданда оқушыларды тегін оқулықтармен қамтамасыз ету жайы да толық шешімін тапты. Оқулық қорын толықтыру мен оны тасымалдауға жергілікті бюджет есебінен барлығы 15012 мың теңге бөлініп, қажетті оқулықтарға дер кезінде тапсырыс берілген. Осы күні оқушылардың 95 пайызы тегін оқулықтармен қамтамасыз етіліп үлгерді.