Биыл Теміртаудағы ЖЭО-2 жаңғырту жұмыстары басталады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы ЖЭО-2-де 2018-ші жылы №7 қазандықтың құрылысы басталады. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Барлықтарыңыз білесіздер, ЖЭО-2 жылу тапшылығын бастан кешуде. Станция жабдықтарының тозығы әбден жеткен. Осыған дейін біз сәйкесінше қазандықтарды және турбиналарды жөндеу арқылы жағдайды қадағалап отырдық. 2017-ші жылы жөндеу кампаниясы ерекше бақылаумен өтті. Аязды күндерді үлкен ақауларсыз өткердік. Дегенмен, бұл құр қолдау шаралары. Станцияға қуат тапшылығын жою қажет. Ол үшін станцияны толықтай жаңғырту керек. Ол жұмыстардың бастауы биыл іске кірістірілгелі отырған №7 қазандықтың құрылысы болмақ», - деді аймақ басшысы. 

Ерлан Қошанов энергетика саласындағы басқа да жобаларға тоқтала кетті. Станцияларды кеңейтудің арқасында Жезқазған, Балқаш қалалары және Топар кентінде жылумен қамту жағдайы жақсаратын болады. 
Қарағанды және Жезқазған қалаларындағы жылу желілерін қайта қалыпқа келтіруге шамамен 6 млрд теңге көлемінде қаражат бағытталмақ. 

2017-ші жылы Ақтас және Ботақара кенттерінде қазандықтар салынды. Қарағанды және Абайда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу желілерін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. 

Соңғы жаңалықтар