Биыл теміржол жолаушылар тасымалына тарифтер қымбаттайды - ККМ

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Биыл және келер жылдары Қазақстанда теміржол жолаушылар тасымалының тарифінде аздаған қымбаттаулар болады.

Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров айтты.

«Жолаушылар тасымалы бойынша бағалар аздап қымбаттайды. Бірақ дәл қазір тарифтердің нақты бағыттар бойынша және оның мерзімі бойынша бағаларын айта алмаймын. Бірақ пайыздық арасалмақ көп болмайды - 10 пайыз», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі кұні көптеген компаниялар бағаларды өсіру ұсыныстарымен шығып отыр. «Себебі бізде жолаушылар тасымалына тарифтер өте төмен. Авиабилеттер бойынша мәлесе көтеріліп жатқан жоқ. Онда тарифтік тор өзгеріссіз», - деп түйіндеді вице-министр.