Бұл туралы бүгін мұнай-газ секторын дамытуға арналған Мәжілістегі парламенттік тыңдауда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
«Техникалық экономикалық параметрлер айқындалуда, сондай-ақ биыл техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу бағытында жұмыстар жүргізілуде»,-деді ол.
Биылғы наурызда ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев төртінші МӨЗ мәселесімен айналысатын жұмыс тобын құрғандығын хабарлаған болатын. Бұл тұрғыда алдымен зауыттың орналасатын жерін анықтау, оның қуаттылығы мен орташа құнын айқындау шаралары атқарылады. Сонымен қатар зауыттың өнімін өткізетін қандай нарықтар барын бағамдау мақсаты тұр.