«118 мыңнан астам иеліктегі үйді тіркеуге алдық, оларда халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтары тұрады. 15 тамыздан 15 қыркүйек аралығында алғашқы рейдтік шараларды жүргіздік. 20 қыркүйектен бастап ертеректе ереже бұзу факілері анықталған нысандарды қайта қарап шығудамыз. Тұрғындардың көбісі талаптарды орындап жатыр, осы орайда пешті әрі электр құрылғыларын ережеге сәйкес пайдалануда. Өкінішке қарай, иеліктегі 30 мыңнан астам үйде тұрғындар тиісті шараларды жасамаған. Сондықтан тиісті ақпаратты барлық атқарушы органдарға жолдадық. Олар өз кезегінде аталған тұрғын үй секторындағы жағдайға назар аударады», - деді ведомство басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, профилактикалық жұмыстар аясында 2019 жылы түтін, иіс пен табиғи газ таралған жағдайда хабар беретін 90 мыңнан астам датчик орнатылды.
«Өткен жылу беру маусымында 18 жағдайда құрылғылар іске қосылып, 80-нен астам адам құтқарылды. Биыл 11 мыңнан астам датчик орнатылды», - деді министр.