«Әр екі жыл сайын өткізілетін «Көшпенділер ойыны» биыл Түркияда өткізілуі керек еді. Алайда әлемдік пандемиясына байланысты Түркиядағы ұйымдастырушыдан ресми хат келіп, бұл сайыстың келесі жылға қалатынын хабарлады», - деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметінен.
Еске сала кетсек 2018 жылдың қыркүйегінде III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғыз Республикасында өткен болатын. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемге паш етіп, көшпенділер мұрасын насихаттауда үлкен жоба болып келе жатқан спорттық шара. Екі жыл бұрын Ыстық көл аймағы Шолпан-Ата қаласында өткен ойындарға қатысушылар 37 ұлттық спорт түрінен өзара бақ сынасқан болатын. Оған әлемнің 80 елінен үш мыңға жуық адам қатысқан.