«Бұл алғашқы маңызды концессиялық жоба және оны биыл жүзеге асыруды бастаймыз. Үкімет негізінен үздік конкурстық өтінімді анықтады. Қазіргі кезде консорциуммен бұл жоба құнын төмендетуге қарай келіссөздер жүріп жатыр. Бір жарым айдың ішінде осы келіссөздің қорытындысын жария етеміз. Осы ретте компания биылғы жаздың соңына қарай ұйымдастыру шараларын бастайды»,-деді Ж. Қасымбек.
Оның сөзіне қарағанда, жол 66 шақырымға созылады, сондай-ақ ол алты және төрт жолақты қозғалыспен бірінші техникалық санатқа жатқызылады. Аталған жол шамамен тәулігіне 38,5 мың көлікті өткізуге қауқарлы болады.