Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков мәлім етті.
М.Сарыбековтың айтуынша, ағымдағы жылы ҰБТ-ны тапсыру ережелеріне айтарлықтай өзгерістер енгізілмейді және ол бұрынғы форматта өтеді. Дегенмен, биылғы жылғы мектеп түлектері мен кешенді тестіге қатысушылар, жоғары оқу орындарына түсу үшін жинауы тиіс ұпай сандарының төменгі шегі өткен жылғы 45-тен 50-ге көтерілді. Ал медициналық мамандықтар үшін ол - 55 балл.
Сонымен бірге, оқушының ҰБТ-да жинаған ұпай сандарын оның аттестатына енгізу кестесінде өзгерістер жасалды. Мәселен, егер бұрын «қанағаттанарлықсыз», яғни «екі» деген баға, оқушының жинаған ұпайы 0-ден 3-ке дейін болған жағдайда қойылып келсе, биыл ол 0-4-ке дейін артты. «Яғни 4 және одан жоғары жиналған ұпайлар «нәтижелі» деп есептеледі», - деп атап өтті ол.
Айта кетейік, ҰБТ маусымның 1-10 аралығында, ал кешенді тестілеу шілденің 19-26 күндері өтеді.