Биыл үй интерьерінде қандай түстер сәнді?
"Жайлы пәтер" студиясының дизайнерлері ағымдағы кезеңдегі ішкі көріністің ең сәнді түстерін таңдады, деп хабарлайды riarealty.ru сайтынан.
1. Белгілі болғандай, классика әрқашан сәнді, сондықтан ағымдағы жылғы ішкі көріністер арасында сарғыш және қоңыр түс ең танымал түстер болып қалады.
Әмбебаптық - классиканың ескірмейтін ерекшелігі. Сарғыш және қоңыр түстер әрі жылы, әрі салқын түстер болып табылады. Өз алдына жеке және басқа түстермен үйлесімділікте олар үйдегі кез келген бөлмеге: қонақүйден бастап, асүйге дейін жарасымды болып табылады.
2. Сонымен бірге, сарғыш және қоңыр түстердің жағымды жылы энергетикасы бар және үй ішінде үйлесіміділікті қалыптастыруға ықпал етеді, тыныштық және татулық сезімдерін қалыптастырады.
3. Қазіргі ішкі көріністе сәнді болып келетін сұр түс те осындай әсер береді. Әсіресе, күлгін, көк сия және көкшіл тұман түстерімен араласқан сұр түс ұтымды көрінеді. Бұл түстер бірлесіп, тыныш және жайбарақат жағдайды қалыптастырады, адамдарды демалдырады, сондықтан, әсіресе, қонақтар бөлмесі немесе ұйықтайтын бөлмеге жарасады.
4. Сұр түс кез келген стильмен сәтті үйлеседі: бірақ ол шығыс стилінде немесе "шебби шик" стилінде болып келеді.
5. Аталған күлгін түс сұр түсті тек қана үйлесімді толықтырып қоймайды, сонымен қатар, ішкі көрініс дизайнында түстердің негізгісі. Сол себепті ол ең сәнді жеті түстің қатарында болып табылады.
6. Жұмсақ күлгін түс көз жанарын босаңсытып, көңіл күйді үйлестіреді. Сонымен қатар, психологтар, онда жарқын болашақ пен үміт энергетикасы бар деп санайды. Барынша қара, көк сия бояу үй ішіне құпиялылық пен жұмбақтылық сыйлайды.
7. Осы кезеңнің даусыз таңдаулы түсі - ақ түс. Кез келген еркін түспен үйлесіп, ол стильді және тартымды көрінеді.
8. Ал белсенді және сергек адамдар үшін жасыл және көк секілді сәнді түстер жарасады.
9. Лайм, лимон, жасыл шөптің шырынды түсі әрқашан көзге жақсы көрінеді, сондай-ақ, жарқын және қызу көңіл күй сыйлайды. Мұндай түстерді тоқымаға да, қабырғаларды өрнектеуге де қолдануға болады.
10. Көк түс әр түрлі түстермен жақсы үйлеседі және мүлде қарама-қарсы стильдерге жарасады: ең төменгі "хай-тектен" бастап, жеңіл-желпі "провансқа" дейін.
11. Жасыл және көк түстермен кез келген ұйықтайтын бөлмені немесе балалар бөлмесін өрнектеуге болады.