Оның атап өтуінше, 2017 жылы үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы қорғаныс іс-шараларын уақытылы және сапалы жүргізу үшін іс-шаралар дайындалған. Биыл үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің таралуы 1 570,7 мың гектар алаңда болжануда. Оның ішінде итальялық прус 951,6 мың гектар, азиялық шегіртке 298,4 мың гектар, марокколық шегіртке 320,7 мың гектар алқапқа таралу қауіпі бар.
«Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1 538,5 млн.теңге қаражат бөлінді. Бұл қажетті пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау және қолдану жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні аталған қаражаттардың есебі арқылы конкурстық рәсімдер аяқталуда. Пестицидтерді жеткізушілер, оларды сақтау, тасымалдау және қолдану жөніндегі қызмет көрсетушілер анықталды», - деді ол.
Комитет басшысының айтуынша, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына пестицидтер жеткізілген әрі химиялық өңдеу жөніндегі қызметті көрсетушілер анықталған.
Айта кетерлігі, биыл үйірлі шегірткелерді мониторингтік тексерулер 38 млн. гектар алқапта жоспарланған. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік мекемеге 448 автокөлікті жалға алуға және 437 тексерушілерді жұмылдыруға қаражаттар бөлінді. Штаттағы жұмыскерлерді қоса алғанда тексеру жұмыстарына барлығы 1184 адам және 617 автокөлік қатысатын болады.