Бұл көрсеткіш 2008 жылдың деңгейіне қарағанда 1,4 миллион гектарға өсті. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР АШМ алқа мәжілісінде Егіншілік және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алайда, негізгі элемент - глифосат құрайтын гербицидтерді пайдалану арқылы ылғал ресурстарын үнемдеу технологияларын енгізу шағын аумақтарда жүзеге асырылуда, яғни 1,5 миллион гектар егісті немесе дәнді дақылдар егісінің 10 пайызын құрайды.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде «Қазагроинновация» АҚ-ның ғылыми ұйымдарымен ылғал ресурстарын үнемдегіш технологияларды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу шаралары жүргізілуде. Бұл ұсыныстар жыл соңына қарай облыстарға таратылмақ.