Биыл жасөспірімдер жасаған қылмыстар саны 11 пайызға өсті – ІІМ

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 7 айдың ішінде жасөспірімдер жасаған қылмыстардың саны 11 пайызға өскен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лейла Әліпбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы бес жылда жасөспрімдермен жасалған қылмыстардың саны жартылай төмендеген. Дегенмен биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша олардың саны 11 пайызға өскен. Көбіне жасөспірімдер ұрлық, қарашылық, тонау қылмыстарын жасайды. Мұндай әрекетке баруға негізгі себеп – ата-аналар тарапынан балаларының мінез-құлқына қатысты тиісті бақылаудың болмауы», - деп деректер келтірді Лейла Әліпбаева ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингіде.

Спикердің айтуынша, түнгі уақытта ата-аналардың бақылауынсыз көңіл көтеру орындарында жүретін жасөспірімдер жиі анықталады.