Қазгидромет жүргізген алдын ала зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, жазда еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады. Бұл ретте тек солтүстік аймақтарда қалыпты күн райы сақталады.
«Республиканың солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында Солтүстік теңіз ауданынан келетін суықтың әсерінен ауа температурасының күндіз 30 38°С-ден 15 20°С-ге дейін төмендеуі мүмкін. Ал, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында кейбір күндері термометр бағаны 40 45°С-ге дейін жоғарылайды деп болжанады. Ыстық күндер нөсер жаңбырлы қатты желмен, найзағайлы салқын күндермен ауысып отырады», - деп мәлім етті Қазгидрометтің басапсөз қызметінен.
Маусым айына арналған ауа райы болжамы
Қазгидрометтен мәлімдегендей, жаздың алғашқы айы - маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ыстық болады. Атап айтқанда, ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1°С-ге жоғары болады. Яғни, елдің біраз аймағында температура 18 23°С, оңтүстік-батыста 24 28°С және оңтүстік-шығыс пен шығыстағы таулы аймақтарда 7 17°С болады деп күтілуде.
Алайда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу және Қостанай облыстарында ауа температурасы қатты ыстық болмайды.
Сонымен қатар, осы айдың ішінде ел бойынша жауын-шашын мөлшері аз болады. Бірақ, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай мен Ақмоланың солтүстігінде жаңбыр қалыпты мөлшерде түседі деп болжанады. Бұған қоса, Абай облысының шығысында және Алматы мен Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігі, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында да жауын-шашын аз болмайды.
Шілде айына арналған ауа райы болжамы
Шілдеде республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы қалыпты шамада болады. Қазгидромет ақпаратына қарағанда, бұл айда Казақстанның оңтүстік аймақтарында температура нормадан 1°С-ге жоғарылауы ықтимал. Мәселен, елдің көп өңірінде орташа 18 24°С сақталса, оңтүстікте 25 30°С, ал оңтүстік-шығыс пен шығыстағы таулы аймақтарда 9 17°С күтілуде. Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары, Қызылорданың оңтүстік-шығыс бөлігі мен Жетісу өңірінің оңтүстігінде ыстық болады.
Болжамға сәйкес, бұл айда да жауын-шашын мөлшері еліміздің біраз аймағында нормадан аз болмақ. Дегенмен 7 облыста жаңбыр қалыпты мөлшерде түсуі мүмкін. Олар - Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбенің солтүстік-батыс бөлігі, Қостанай, Ақмола мен Павлодар облыстарының солтүстігі.
Тамыз айына арналған ауа райы болжамы
Қазгидрометтен хабарлағандай, жаздың соңғы айы – тамызда Қазақстан аумағында күн ыстық болады деп күтіледі. Орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С-ге жоғарылайды. Тек республиканың солтүстік-батысында қалыпты күн райы сақталады. Бұл айда ел бойынша орташа температура 20 28°С болса, солтүстік-шығыста 16 19°С, оңтүстік-шығыс пен шығыстағы таулы аймақтарда 11 15°С-ге жетеді. Бұл орайда Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында температура норма шамасында болады.
Тамызда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде қалыпты көлемнен де аз түседі деп болжанады. Дегенмен Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде, Қарағандының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және Түркістан облысының таулы аудандарында жауатын жаңбыр нормасы сақталады.
Болжамға сай, алдағы 3 айда өңірлерде болатын орташа айлық температура:
Астана қаласы бойынша
Маусым - 19,6°С
Шілде - 20,6°С
Тамыз - 19,1°С
Алматы қаласы бойынша
Маусым - 22,1°С
Шілде - 24,4°С
Тамыз - 23,3°С
Шымкент қаласы бойынша
Маусым - 24,4°С
Шілде - 26,8°С
Тамыз - 25,8°С
Ақмола облысы бойынша
Маусым - 17,2°С 20,1°С
Шілде - 18,2°С 21,2°С
Тамыз - 16,4°С 19,8°С
Алматы облысы бойынша
Маусым - 6,5°С 24,5°С
Шілде - 8,5°С 26,6°С
Тамыз - 8,0°С 24,6°С
Атырау облысы бойынша
Маусым - 23,6°С 25,5°С
Шілде - 25,6°С 27,9°С
Тамыз - 23,8°С 26,0°С
Ақтөбе облысы бойынша
Маусым - 18,9°С 24,7°С
Шілде - 20,6°С 26,8°С
Тамыз - 18,9°С 24,8°С
Батыс Қазақстан облысы бойынша
Маусым - 20,5°С 23,9°С
Шілде - 22,7°С 26,2°С
Тамыз - 21,1°С 24,4°С
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Маусым - 17,7°С 19°С
Шілде - 18,7°С 20,3°С
Тамыз - 17°С 18,2°С
Маңғыстау облысы бойынша
Маусым - 23,5°С 27,4°С
Шілде - 26,1°С 30,1°С
Тамыз - 25,7°С 28,3°С
Қостанай облысы бойынша
Маусым - 18,3°С 23°С
Шілде - 19,8°С 24,6°С
Тамыз - 17,7°С 23,1°С
Қарағанды облысы бойынша
Маусым - 17,6°С 23,4°С
Шілде - 18,8°С 24,9°С
Тамыз - 17,2°С 23,4°С
Павлодар облысы бойынша
Маусым - 18,8°С 20,3°С
Шілде - 20,1°С 21,7°С
Тамыз - 18°С 19,6°С
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Маусым - 12,7°С 21,8°С
Шілде - 14,6°С 23,7°С
Тамыз - 13,2°С 22,3°С
Қызылорда облысы бойынша
Маусым - 25,4°С 27,4°С
Шілде - 26,9°С 29,3°С
Тамыз - 24,7°С 27,1°С
Жамбыл облысы бойынша
Маусым - 19,7°С 25,4°С
Шілде - 21,6°С 27,4°С
Тамыз - 19,9°С 25,9°С
Түркістан облысы бойынша
Маусым - 15,0°С 27,9°С
Шілде - 17,5°С 30°С
Тамыз - 17°С 28,1°С
Абай облысы бойынша
Маусым - 17,6°С 22,9°С
Шілде - 18,9°С 24,6°С
Тамыз - 17,1°С 22,9°С
Жетiсу облысы бойынша
Маусым - 16,2°С 23,9°С
Шілде - 17,9°С 26,1°С
Тамыз - 16,3°С 24,9°С
Ұлытау облысы бойынша
Маусым - 20,1°С 24,4°С
Шілде - 21,5°С 26,1°С
Тамыз - 19,9°С 24,1°С