«Биыл шегіртке қаптау қаупі сейілді. Шамамен 1,5 млн. гектар жер уақытында химикаттармен өңделді. Бұл жоспардың 100 пайызын құрайды», - деп жазды министр Twitter-дегі өз парақшасында.
Сонымен қатар А.Мамытбеков жазбасында шілденің ортасынан бастап шегірткелердің даму кезеңі тежелетінін, осыған орай өсімдікке қауіп тумайтындығын атап өткен.
Бұған дейін ол Twitter арқылы 2011-2012 жылдары шегіртке үйірлерінің биологиялық белсенділігі өте жоғары болатындығын жазған еді. Шегіртке егістік алқаптары үшін өте қауіпті жәндік саналады.