Биыл Жедел медициналық жәрдем орталығы жілік майын трансплантациялаудың 50 отасын жасамақ

АСТАНА 9 наурыз. ҚазАқпарат -   Ағымдағы жылы Жедел медициналық жәрдем республикалық ғылыми орталығында жілік майын трансплантациялаудың 50 операциясын жасау және 200 онкологиялық науқасты емдеу жоспарлануда,

деп хабарлады емхананың медициналық директоры Ирина Пивоварова pm.kz сайтына.

«2011 жылы біз жілік майын трансплантациялаудың 20 операциясын жасадық, ал ағымдағы жылы ондай операцияның санын 50-ге жеткізбекпіз. Онкологиялық науқастарды емдеуге арналған орын саны да кеңейтілуде және біз 200 науқасты емдеуді жоспарлап отырмыз», - деді И.Пивоварова.

Директордың айтуынша, орталықта жілік майы донорларының регистрі бойынша бағдарлама белсенді дамытылуда, бұл шара «елімізге регистрдің халықаралық базасына кіруге және республикамызда өз азаматтарымызға жілік майын трансплантациялау операцияларын толық жүргізуге көмектесуге мүмкіндік беретін болады».