Биыл күрішті өлке саналатын Балқаш ауданының шаруалары 8 мыңнан астам гектарға күріш септі. Қазір ору науқаны қарқынды жүріп жатыр. Диқандар алдымен дақылды шауып, құлатып алады. Сосын бірнеше күн күріш танаптары кептіріледі. Одан кейін барып, комбайндар жинайды. «Бірлік» агрофирмасы биыл әр гектардан 40-41 центнерден өнім алып жатыр. Кейбір танаптарда өнімділік одан да көп.
«Дәнді-дақылға жалпы аудан бойынша 126 млн теңге субсидия төленді. Жалпы негізінен күріштің гектарына, арпа-бидайдың гектарына, көп жылдық шөптің гектарына жылда мемлекет тарапынан субсидия төленіп келе жатыр», дейді Балқаш ауданының әкімі Ғалым Тоқпейісов.
Ай соңына дейін ауданда күріш толығымен жиналып бітеді. Өңір диқандары ішкі нарықты қамтып қана қоймай, күрішті көрші елдерге экспорттауды да жоспарлап отыр.