Оның айтуынша, 2015 жылы стратегиялық маңызы бар «Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда» автомагистралін салу бойынша жобаны жүзеге асыру көзделуде.
«Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Павлодар бағыты бойынша 4 жоба бар. Екi жоба - Қызылорда облысы бойынша, 2 жоба - Қарағанды облысы бойынша. Жалпы ұзындығы 150 шақырым. Биыл ол жобаға 3 млрд. теңге жоспарлап отырмыз. Қыркүйек айында конкурсты жариялап, құрылысқа дайындық жұмыстарын бастаймыз», - дедi ол.
Айта кетейiк, «Қызылорда - Жезқазған» автожолының құны шамамен 10,1 млрд. теңгеге бағаланып отыр. Қазір жол-құрылыс компанияларын құру-әлеуетті мердігерлердің тендерге қатысуы үшін жұмыстар жүргізілуде.