Оның атап өтуінше, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ағымдағы теңге бағамы өсуінің елдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне, ЖІӨ-ге, бюджет кірістері мен шығыстарына, инфляцияға әсер ету ықпалына бағалау жүргізген.
«Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бағалауы бойынша девальвацияның өзгеруін ескере отырып, ЖІӨ-нің номиналды көлемі қосымша 6,5 пайыздық тармаққа ұлғаяды және ЖІӨ-нің номиналды өсуі 2014 жылы 120 пайызды құрайды», - деді министр.
Е.Досаевтың атап өтуінше, жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі 2014 жылы бұрын болжамдалған 38,6 трлн. теңгемен салыстырғанда 41,1 трлн. теңгені құрайды.