деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмасын орындау мақсатында 2009 жылы қабылданған «Жол картасының» аясында тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Осы мақсаттарға 61 млрд. теңгеден астам бюджеттік қаражат бөлініп, 862 жоба жүзеге асты және 81 мыңнан астам жұмыс орны құрылды», деді Агенттік төрағасы. Оның айтуынша, былтыр тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық саласында 284 шақырым жылу трассасы, 737 шақырым электр желілері, 284 шақырым газбен жабдықтау желісі, 1 мың 29 шақырым сумен жабдықтау желісі салынған және қайта жөнделген.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағыты бойынша «Жол картасын» іске асыру ағымдағы жылы да жалғасатын болады. Бұл ретте әкімдіктер 50 млрд. теңгеден астам қаражатты игеріп, 644 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Мұндай жобаларда биылғы жылы шамамен алғанда 43 мыңнан астам жұмыс орындарын ашу көзделеді», деді С. Нокин.