«Биыл бағдарламаны әрі қарай іске асыруға 37,3 млрд. теңге қарастырылды. Оның ішінде 13,8 млрд. теңге бағдарламаның бірінші бағытын қаржыландыруға бөлінді. Соның аясында 520 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 30 нысанның құрылысы жалғасады. Жұмыспен қамту орталықтары арқылы оларға 4 мыңдай адам жұмысқа орналастырылды»,-деді Арғандықов.
Оның сөзіне қарағанда, 3,3 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз азаматқа шағын несие беруге 10 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Үшінші бағыт аясында ағымдағы жылы 1 мыңнан астам адам кәсіби оқуға жіберіліп, жастар мен тұрғындардың мақсатты топтарына жататын азаматтар үшін 13 мыңға тарта жұмыс орны құрылды.