Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыруға 110,6 млрд. теңге бөлінеді

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдардың қаржыландыруын қоса есептегенде 110,6 млрд. теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның 124 мың тұрғыны қамтылатын болады.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова айтті.

«Бұл, өз кезегінде, кірістердің тұрақты өсуіне, ауыл тұрғындары жағдайының жақсаруына, өзін-өзі еңбекпен қамтитындар санының азаюына және жұмыс берушілердің талаптарына сай білікті мамандар дайындап шығаруға ықпал етеді. Бағдарламаның жобасы ҚР Президенті Әкімшілігінде, Парламент Мәжілісінің комитеттерінде, «Нұр Отан», «Ақ жол» партияларында, «Атамекен» Одағы» ҰЭП-да талқыланып, қолдау тапты. Сонықтан сіздердің де қолдауларыңызды сұраймын», - деді Т. Дүйсенова.

Министрлер кабинетінің мүшелері бұл құжатты бірауыздан мақұлдады. Өз кезегінде вице-премьер Ербол Орынбаев «Жол картасының» жан-жақты ойластырылғанын атап өтіп, оны іске асыруға жедел кірісу қажет екендігіне баса тоқталды.