Жүйеқұраушы кәсіпорындарды жаңғырту мәселесіне тоқталған министр, «атап айтқанда, 6 кәсіпорын жаңғыртудың кешенді жоспарын қорғады. 2012 жылы осы жоспарларды іске асыру басталады»,-деді.
Олардың арасында, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өнеркәсіптік бірлестігі» АҚ, «Қазхром» трансұлтттық компаниясы» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Sat & Company» АҚ және «Қазфосфат» ЖШС бар.
«Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мен кәсіпорындарды жаңғырту жұмыстарымен қатар өндірістікті арттыру мен энергия тиімділігі, сондай-ақ білікті мамандарды даярлау, қазақстандық қамту шаралары жалғасатын болады»,-деді Ә. Исекешев.
«Бірінші жартыжылдықта тау-кен металлургиялық кешеннің өзге де жүйеқұраушы кәсіпорындарын жаңғыртудың кешенді жоспарлары мемлекеттік комиссияның қарауына енгізу жоспарланып отыр»,-деп түйіндеді ол.