«1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында «Марапатталған аналар» туралы жаңа ұғым енгізіліп отыр. Бұл мәртебе көпбалалалы аналардың еңбегін құрметтеу және мойындау ретінде өмір бойына «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге беріледі. Бала тәрбиелеп, өсіріп отырған аналарға төленетін жәрдемақы 1 шілдеден бастап 7,4 айлық есептік көрсеткішке тең немесе 25 530 теңге болады», - деді ол.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап аутизм диагнозы бар балаларға шипажайда сауықтыру қызметі тегін ұсынылмақ.
Сондай-ақ 1 шілдеден бастап екі бірдей әлеуметтік жәрдемақының көлемі 14,5 пайыз өседі.
«Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылу себебімен төленетін әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі ұлғаяды. Оның мөлшері орта есеппен 14,5 пайызға артады. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен қосымша 41 млрд теңге бөлінді», - деді вице-министр Назгүл Сағындықова.