Биылдан бастап Астана әкімдігі қала бюджеті есебінен тұтынған судың көлемін өлшейтін есептегіш құралдарды орната бастайды - әкім

None
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Биылғы жылдан бастап Астана әкімдігі қала бюджетінің есебінен тұтынған судың көлемін өлшейтін есептегіш құралдарды орната бастайды.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының XIV есеп беру-сайлау конференциясында елорда басшысы Иманғали Тасмағамбетов айтты.

И.Тасмағамбетовтың сөзіне қарағанда, Астананың тұрғын үй нысандарына есептегіш құралдарды орнату жұмыстары алдағы екі жылда толығымен аяқталатын болады.

Әкімнің айтуынша, бұл біріншіден, суды үнемдеуге, екіншіден - әрбір тұрғынның коммуналдық қызметтерге төлеп отырған қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Бұдан әрі, энергия қуатын есептегіш құралдарды орната бастауды жоспарлап отырмыз. Себебі Астанадағы нысандар ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес болуы тиіс», - деді әкім.