Елбасы тапсырмасы бойынша 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап тегін кәсіптік-техникалық білім жобасы іске асатын болады.
«Нарық сұранысын ескере отырып, мамандарды тегін дайындауға кем дегенде 1500 мектеп бітірушіні, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар қатарынан 1300 адамды тартатын боламыз. Облысымызда құрылатын жаңа өндірістер есебінен экономиканың перспективалы секторлары үшін кадрлар дайындауға басымдық берілетін болады»,- деді облыс әкімі.