Биылғы 10 айда Қазақстанда 140 мыңнан астам неке тіркелді

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанның АХАТ органдарында 141,6 мың неке тіркелді.

«Олардың саны 2012 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайызға артты. 1000 адамға шаққандағы некенің жалпы коэффициенті 9,98-ді құрады»,- делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде.

Атап айтқанда, аталған мерзімде 43,0 мың ажырасулар тіркеліп, олардың саны 5,4 пайызға өсті.