Бұл өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға жоғары. Бұл мәліметтерді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі таңда Қазақстанда интервенциялық және кардиохирургиялық қызметтің дамуына
барлық жағдай жасалған. 2011 жылдан бері Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық, Алматыда Перинатальдық орталық жұмыс істей бастады. Қазір үлкендер мен балаларға ашық жүрекке операция жасауға арналған операциялық залдар толықтай жеткілікті.
Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендетуге бағытталған іс-шаралардың бірі - инсульттік орталықтар ашу. Ми қан айналымы бұзылған науқастарға көмек көрсетуге арналған осындай 8 орталық 2011 жылы еліміздің 6 облысында ашылды. Республикалық бюджет қаражаты епсебінен 6 өңірдегі медициналық ұйымдарда орналасқан 7 инсульттік орталық қажетті стандартпен жарақтандырылды.