Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің инспекция және қадағалау бөлімінің меңгерушісі Ғалымжан Әди мәлім етті.
«Бірінші жартыжылдықта орталық мемлекеттік органдарда тәртіптік теріс әрекет жасаған әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге қатысты 203 тәртіптік іс қаралды. Тәртіптік комиссиялар отырыстарының нәтижесінде тәртіптік жауапкершіліктің түрлері бойынша 61 қызметші жауапқа тартылды. Тәртіптік тәжірибенің қорытындысы бойынша жалпы тәртіптік жазалау көлемінің 98 пайызы мемлекеттік қызметшілердің жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамауына байланысты екенін көрсетті»,-деді ол.