«2022 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында экспорт көлемі 44,4 млрд долларға дейін ұлғайды. Ал өткен жылы дәл осы кезеңде ол 27,6 млрд доллар болған еді.
Шикі мұнай экспорты болса, 75,9 пайызға жетіп, 28,3 млрд доллар болды. Биыл жалпы шикі мұнай мен ферроқорытпалар саудасын есептемегенде уран экспорты көп кіріс әкелді», - деп мәлім етті сауда саясатын дамыту орталығынан.
Дегемен, осы аралықта кейбір тауарлардың экспорт көлемі төмендеген. Атап айтқанда, болаттан жасалған жартылай дайын өнімді жеткізу 31,1 пайызға қысқарып, одан түскен пайда 147,6 млн доллар болған.