Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылдың қаңтар-тамызында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 10235 миллиард теңгені құрды. Бұл 2010 жылдың сәйкес мерзімінен 4,6 пайызға артық. Сондай-ақ кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс өсімі - 2,7 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде - 7,4 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда - 7,2 пайызға, өскен.
Ал сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау шаралары - 0,8 пайызға төмендеді. Сондай-ақ биылғы жылдың қаңтар-тамызында жүк айналымының көлемі 271 миллиард текше метрді құрап, 2010 жылдың сәйкес кезеңінен 15,3 пайызға өсті.
Осы кезеңде бөлшек сауда көлемі 2245,4 миллиард теңгені құрап, 2010 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 13 пайызға өсті. Сондай-ақ көтерме сауда көлемі 6044,6 миллиард теңгені құрап, 2010 жылдың сәйкес кезеңінен 16 пайызға көп болды.