Биылғы 9 айда қаржы нарығының барлық сегменттерінде оң серпін байқалды

None
АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 9 айында қаржы нарығының барлық сегменттерінде оң серпін байқалды. Бұл туралы бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында өткен отандық қаржы нарығын нығайту мәселелері бойынша дөңгелек үстелде ҚР Ұлттық Банкінің комитет төрағасы Дархан Нұрпейісов айтты.

«Банк жүйесі бойынша экономикаға несиелердің де, депозиттердің өсуі көрініс тапты. Банктердің экономиканы несиелеуінің жалпы көлемі биылғы қаңтар-тамызда 6,5 пайызға өсті. Бүгінде ол 9,3 трлн. теңгені құрады»,-деді комитет басшысы.

Оның айтуынша, бүгінде екінші деңгейлі банктердің де активтері артып келеді. Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылғы қыркүйек айындағы көрсеткіш 3,5 пайызға өскен екен.

«Сақтандыру компанияларының да активтері биылғы жылы 9 айда 12,5 пайызға өсті. Жалпы сақтандыру компанияларының активтері 435 млрд. теңгені құрап отыр»,-деді Д. Нұрпейісов.