Бас әскери прокурордың пікірінше, мемлекеттік қорғаныс тапсырысына және әскерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік өкілетті органын құру қажеттілігінің уақыты келген.
«Ол, бірінші кезекте, әскери шаруашылық жүйесіндегі сыбайластыққа жол бермейді және әскерге жоғары сапалы өнімнің жеткізілуіне негізгі тапсырыс беруші ретінде - әскери бөлім командирлерінің мүдделілігін елеулі түрде жоғарылатады», - деп атап өтті Е. Мерзадинов.
Оның айтуынша, қазіргі кездегі қамтамасыз етудің моделі бойынша, кейбір командирлер әлі де болса «кәсіпкерлердің» ролін атқаруда.
Айта кету керек, жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абай Тасболатов және Жанат Жарасов, «Нұр Отан» партиясының, Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық Кеңестің өкілдері, құқыққорғау және арнаулы органдардың, әскери ведомстволардың, аймақтық басқармалардың басшылары, әскери бөлім командирлері, аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар қатысты.