Ондағы деректерге жүгінетін болсақ, ақпан айында инфляция көлемі 0,4 пайызды құрап, құрылыс саласындағы бағалар 0,5 пайызға, ауыл шаруашылығындағы бағалар 0,4 пайызға артқан. Сондай-ақ, көтерме саудадағы көрсеткіштер 0,3 пайызға көбейіп, өнеркәсіп саласындағы бағалар 0,2 пайызға көбейді. Бұған қоса жүк тасымалы 0,1 пайыздан аса қымбаттап, заңды тұлғалар үшін байланыс қызметтері 0,4 пайызға төмендеді.
16:34, 11 Наурыз 2012
Биылғы ақпан айында экономиканың кейбір салаларында елеулі өзгерістер болды
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Биылғы ақпан айында экономиканың кейбір салаларында елеулі өзгерістер болды. Бұл мәселеге қатысты мәліметтер Статистика агенттігінің сайтында жарияланды.