АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Мұнай және газ министрлігінде ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және жанар-жағармайға бағаны қалыптастыру бойынша кезекті кеңес өтті.
Аталған министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жиында қабылданған шешімге сәйкес, биылғы ақпан айына еліміз аумағында жанар-жағармайдың шекті-бөлшек сауда бағасы белгіленді.
Атап айтқанда, Аи-92 мен Аи-93 бензині литріне - 106 теңге, Аи-80 литріне - 86 теңге, сондай-ақ дизельдік отын - 90 теңге деңгейінде қалыптаспақ.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.