Биылғы «Алматы туры» велододасының өткізілетін уақыты өзгерді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы туры – 2019» велододасының өткізілетін уақыты қыркүйек айының соңынан 30-31 тамыз күндеріне ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның велоспорт федерациясына сілтеме жасап.

«Алматы туры - 2019» жарысына әртүрлі дәрежедегі 21 халықаралық велосипед командалары қатысады. Олардыңарасында Astana Pro Team-да бар.

«Биылғы жылывеложарыс күнтізбеде қыркүйек айының соңынан 30-31 тамыз күндеріне ауыстырылды.Бұл бәсекелестікті арттырып, еліміздің ең ірі қаласының көшелеріндегікептелісті азайтады», делінген хабарламада.

Веложарыстың 1-кезеңінің бағыты «Алматы Аренадан»басталып, «Индустриалды парк» арқылы өтіп, қайта «Алматы Аренада» мәресінежетпек. Бұған дейін осы жол бағыты бойынша Қазақстан чемпионаты өткен болатын.Және шабандоздардың айтуы бойынша бұл 118 шақырымдық жарыс бағыты оңай емес.

Екінші кезең классикалық бағытбойынша өтеді. Шығыс айналма автожолымен 4,5 айналым және әл-Фараби даңғылыарқылы өтіп, «Медеу» мұз айдынында жарыс мәресіне жетпек. Бұл күні велодода қатысушылары160 шықырым жарыс жолын бағындырады. Кезеңнің тікелей көрсетілімін 60миллиондық көрермені бар «Еуроспорт» телеарнасы көрсетеді.