ағымдағы жылдың 6 айы ішінде өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары 47 пайызға, нақтыласақ 5749-дан 8462-ге артқан. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, өткен 6 ай ішіндегі жағдайдың жалпы көрінісіне сәйкес, жол көлік оқиғаларында 10 837 адам жарақат алса, оның 6 080-і ер адамдар, 4757-і әйелдер, бұлардың ішінде 1894-і кәмелетке жасқа толмағандар болып отыр. Осы кезең ішінде жол-көлік оқиғасынан 1167 адам қаза тапты, оның 828-і ер адамдар, 339-ы әйелдер, ал 105-і кәмелетке толмағандар.
Ал жол оқиғаларынан зардап шеккендердің басым бөлігі жолаушылар болып табылады, олар жалпы жапа шеккендердің 41 %-ын немесе 4 902 адамды құрайды. Жапа шеккен жаяу жүргіншілер 36%-ды немесе 4 266 адамды, велосипедшілер 1 пайызды немесе 146 адамды және жүк тасушылар 0,024 пайызды немесе 3 адамды құраған. Егер жол-көлік оқиғаларының ең көп орын алған жерін сараласақ, олардың басым бөлігі, яғни 6 685 оқиға елді мекендерде жасалып, оларда 446 адам қаза тапқан. Елді мекеннен тыс жолдарда 1777 жол-көлік оқиғалары тіркелсе, оларда 707 адам мерт болған», - делінген баспасөз баянында.