Биылғы «Алтын домбыра» айтысы Ақ Жайықта өтеді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында өңірде тұңғыш рет жекпе-жек ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Амфитеатрда 1200-ден астам көрермен тамашалаған бірегей өнер кешіне төртақын қатысты.

Айтыстың бұл жолғыерекшелігі, жүлде тігілген жоқ. Ақындар уақытқақарамай, ашық аспан астында емін-еркін айтысты.


Алдыменқызылордалық азулы ақын, екі мәрте «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов пенреспубликалық айтыстарда жүлде алып, өзін көрсетіп үлгерген оралдық Талғат Мықисахнаға шықты. Сөз сайысы барысында Мұхтардың тегеурініне Талғат төтеп беребілді. Мұхтар талантты інісін қолдап отырды. Арасында қайым айтысқа да кезекберілді.

Атыраулық танымалайтыскер Шалқарбай Ізбасаров пен жетінші «Алтын домбыра» иегері,батысқазақстандық Жансая Мусинаның тартысы ерекше әсер етіп, елді баурап алды.

Ең бастысы, ақындаржеке басқа тиіспей, ұсақ-түйекке бармай, алуан-алуан маңызды мәселелерді қозғайбілді.

Облыстық мәдениетбасқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев Ақ Жайық өңірінде алғаш ретжекпе-жек ақындар айтысын ұйымдастырған Қадыр орталығының директоры БауыржанХалиолла мен оның ұжымына ризашылығын білдірді.

Кештің басты қонағыболған белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық айтысақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман сегізінші «Алтындомбыра» айтысының биыл Оралда өтетінін хабарлады.

«Менің көптен іздепжүргенім осындай жекпе-жек айтыс еді. Біз айтысты телевизияға лайықтап, уақытыншектеп, біраз бұзып алдық. Бұл жолы қазылар алқасы да болған жоқ. Ақындардыңешкім аузынан қаққан жоқ. Олар да елдің аузында жүрген көкейкесті жайларды айтаалатынын тағы бір дәлелдеді. Осы сапарымыз барысында облыс әкімі ҒалиЕсқалиевтің қабылдауында болып, сегізінші «Алтын домбыра» айтысын Оралда өткізутуралы ұсынысымызды білдірдік. Өңір басшысы мұны қолдады. Енді жыл соңындаеліміздің ең мықты ақындары Ақ Жайықта бас қосатын болады», - деді ЖүрсінЕрман.